Жалғызілікті адамдардың қорқынышты түстерді жиі көретіні анықталды
Жалғызілікті адамдардың қорқынышты түстерді жиі көретіні анықталды
4 ай бұрын 631 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзін жалғыз сезінетін адамдар қорқынышты түстерді жиі көреді. Сонымен бірге, олардың түнгі үрейі жалғыздықты сезінбейтіндерге қарағанда өткір келеді. Америка ғалымдары осындай заңдылықты анықтап, нақты тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Psychology  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұйқының бұзылуы немесе жай ғана тұрақты емес ұйқы кестесі көптеген салдары ауыр ауруларға ұрындырады. Бұрынғы зерттеулер нәтижесіне сәйкес шала ұйқы жүрек-тамыр аурулары мен күйзеліске әкелуі мүмкін, бұдан бөлек, иммундық жүй қызметін әлсіретіп, инфекциялық ауруларды жұтыру қатерін арттырады. Ал артық ұйқының салдары шала ұйқыдан гөрі ауры (қауіпті) болып шықты: 2 типті қант диабетінің себептерінің біріне айналды. Жалғыздық адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді: тек психикалық емес, сонымен қатар,  нақты дертке шалдықтарады. Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес жалғыздық маскүнемдік (ішімдікке салыну) немесе артық салмақтан болатын ауруларға қарағанда өлім қаупін бірнеше есе арттыруы мүмкін. Жалғыздық бүгінде күллі әлем бойынша теріс құбылысқа айналған немесе індет секілді әлеуметтік сипат алған дерт ретінде жіктеледі. Жалғыздық пен ұйқының бұзылуы арасындағы байланысты, атап айтқанда, түнгі үрей мен қорқынышты түстерді Аризона мемлекеттік университетінің, Тампа және Уитворт жоғарғы оқу орындарының (барлығы АҚШ-та) сарапшылары зерттеген екен. Бұл бағыттағы зерттеуге Америка құрама штаттарынан 18 бен 81 жас аралығындағы 1609 ересек адам қатысты. Екі сауалнаманы пайдалана отырып, олар өздерінің жалғыздық деңгейін, сондай-ақ, қорқынышты түстердің жиілігі мен қарқындылығын бағалады. Нәтижесінде жалғызбасты адамдар қорқынышты сәттерді жиі және өткір сезінетіндігі белгілі болды. Бұған әлеуметтік өмірінің жұтаң болуынан туындаған стресс себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, жалғыздыққа тән сананың басқа жай-күйі де қорқынышты түстердің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Бұл тұңғиық әсіресақтық пен зейінді арттыратын гиперқозу түрінде көрініс береді. Дәлірегі, басқа сенер жақыны жоқ адамдар кез келген жағдайда аман қалуы үшін әсіресақ келетіндіктен мұндай жай-күй жүйке жүйесіне салмақ түсіреді. Жалғызілікті адамдарға тән болып келетін мұндай хал қорқынышты түстерге бастауы ықтимал. Тұлғааралық қатынас та аштықты болдырмасы үшін адамның тамақтанатыны секілді негізгі қажетттіліктерге жатады. Мұндай қатынастан қол үзген адамның секемшіл келетіні белгілі.

0 пікір
Мұрағат