Жалғыздық қатерлі ісік қаупін 8%-ға арттырады
Жалғыздық қатерлі ісік қаупін 8%-ға арттырады
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеу нәтижесі қоғамнан оқшаулану мен жалғыздық қауіпті аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктердің себебіне айнала алады. Бұл жайында islam.kz порталы халықаралық ғалымдар тобының зерттеуіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоршаған ортамен байланысын үзген немесе сиреткен адамның онкологиялық ауруларға ұшырау қаупі басым келеді. Қытайдың Гуанжоу медицина университетінің ғалымдары бұл тараптағы зерттеуде 38-73 жас аралығындағы 354 537 адамның денсаулығына қатысты деректерді қамтитын британдық UK Biobank биомедицина базасындағы мәліметтерді сараптамадан өткізіп, талдау жасаған екен. Зерттеудің бас кезінде пациенттердің  бірде-біреуінде онкологиялық ауру болған емес, олар құрбы-құрдастарымен, туған-туыстарымен қаншалықты араласатыны және әлеуметтік іс-шараларға қаншалықты деңгейде атсалысатыны туралы сауалнама жүргізілген. Ғалымдар олардыңң берген жауаптары негізінде пациенттердің әлеуметтен оқшаулану деңгейін анықтады. Әлеуметтік тұрғыдан оқшауланғандар санатына 20 мыңнан астам адам кірген. Бұл көрсеткіш зерттеуге қатысқандардың шамамен 5,8% -ын құрады. Тағы 4,5% өздерін жиі жалғызбасты сезінетінін және айналасындағыларға сенім арта бермейтінін жасырмаған. Ғалымдар оларды қатарынан 12 жыл бақылады. Осы уақыт ішінде 38 103 адамға обыр диагнозы қойылған. Созылмалы аурулар, шылым шегу секілді жат әдеттер және психикалық денсаулық жағдайын қоса алғанда, қосымша факторларды талдағаннан кейін ғалымдар әлеуметтік оқшаулану обырдың даму қаупін шамамен 8% -ға арттырады деген қорытындыға келді. Әйелдердің әлеуметтік қарым-қатынасы маңызды рөл ойнайтын болып шықты. Әлеуметтік байланысы шектеулі әйелдер сүт безінің, өкпенің, жатырдың, аналық бездің және асқазанның қатерлі ісігіне жиі шалдыққан. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Жиақа Шен қоғамнан оқшаулану адам организмінідегі биологиялық процестерге кері әсерін тигізетінін аалға тартып отыр. Оның айтуынша, жалғыздық тұтқынында қалған адамдар күйзеліске бой алдырып, организімінде қабыну пайда болады. Бқдан бөлек, жасуша қызметі бұзылып, қатерлі ісіктің пайда болуына жол ашады.

0 пікір
Мұрағат