Жалғанатын су түтігін (шлангасын) қажет етпейтін ықшам кір жуғыш машина құрастырылды (видео)
Жалғанатын су түтігін (шлангасын) қажет етпейтін ықшам кір жуғыш машина құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 1478 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дамыған елдердің өзінде де көптеген азаматтар кір жуу секілді машақаты көп тірліктен құтқаратын игілікті (кір жуатын машинаны) экономикалық себептерге байланысты сатып алуға асықпайды, қоғамдық кір жуу қызметтерін пайдалануды жөн көреді. Нарықтың болашағын бағалай отырып, Evergreen Paradigm (АҚШ) стартапы үнемді Eeva кір жуғыш машинасын ұсынды. Ықшам өлшемдерінің арқасында (1,07 х 0,61 м) ол кез келген бөлмеге - жатын бөлмеге, ванна бөлмесіне қоюға болады, көп орын алмайды, тіпті, автокөлік фургонына оңай сыйып кетеді. Сонымен қатар, ол бірқатар артықшылыққа ие: ол бар болғаны бір жарым сағатта 3,5 кг кірді жуып, кептіреді. Ең бастысы – ол әдеттегі кір жуатын аппараттан артықшылығы – суға  жалғау үшін арнайы түтікті және дренаж шлангасын қажет етпейді. Аппаратқа 11 литр су құйылады. Толық жуу циклі сағатына 300 Вт энергияны қажет етеді. Дегенмен, нақтылау қажет - машинаның жұмысы ол үшін арнайы жасалған жуғыш затты пайдалануды қамтиды. Жуу режимдері сенсорлық СКД дисплейден немесе смартфон қолданбасы арқылы орнатылады. Ерекше кір жуғыш машина Indiegogo платформасында 70 есе белгіленген қаржылық шектен асып түсті. Eeva аппаратына бүгінде (әзірше тек Солтүстік Америкада) 900 долларға тапсырыс беруге болады. Бұл қаражатқа машинаның өзі мен 60 рет жууға арналған жуғыш зат кіреді.

0 пікір
Мұрағат