|
Жай оғынан қанша ағаштың опат болатыны анықталды
|
Әдетте найзағай табиғатта сирек кездесетін құбылыс болып көрінеді. Таяуда Мюнхен қаласында орын тепкен техникалық университет ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізіп, нәтижесінде қанша ағаштың жыл сайын зардап шегетінін бағалай алған. Бұл жайында islam.kz порталы Global Change Biology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеулер жекелеген орман-тоғайды жүргізілген еді. Бұл жолы математикалық модел қолданылды. Соның ішінде найзағайдың жаһандық таралу заңдылығы ескерілді. Осы моделдің арқасында жыл сайын қанша ағаштың жай отынан күлі қалатыны белгілі болып қана қоймай, сонымен қатар, жердің қай аймағы найзағайдан көбп зардап шегетіні анықталды. Бұдан бөлек, орман-тоғайдың құрылымына найзағайдың тигізер әсері мен көміртектің қай өңірде көп шоғырланатыны да белгілі болған. Ғалымдардың есебінше, 320 млн ағаш жойылады жай оғынан. Бұл көрсеткіш өсімдік биомассасының барлық жыл сайынғы ысырабының 2,1% -дан 2,9% -ға дейін құрайды. Бұл биомассаның ыдырауы немесе жойылуы кезінде жыл сайын 0,77-ден 1,09 млн тоннаға дейін көміртек диоксиді атмосфераға бөлінеді. Зерттеушілер таяу он жылда найзағай жиілігі артатынын алға тартып отыр.