Жаһандық жылыну организмнің қартаю процесін тездетеді
Жаһандық жылыну организмнің қартаю процесін тездетеді
14 сағат бұрын 159 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Аптап ыстық адам организіміне теріс әсер етеді: жасуша және молекула деңгейінде қартаю процесін тездетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сиэтлдегі Американың геронтологиялық қоғамының конференциясында бұл бағыттағы өз зерттеу нәтижелерін ұсынған америкалық ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Ғалымдар аптап ыстық жиі орнайтын аймақтарда организмнің молекулалық жасын жоғарылататынын анықтады. Бұл тараптағы тәжірибеге қатысқан 3800-ден аса, 56 жастан асқан адамның ДНҚ маркерлерін талдай келе ыстық күндер жиілігінің 10% - ға артуы молекулалық жасқа 0,12 жыл қосатынын анықтады. Яғни, аптап ыстық күндері көп аймақтарды өмір сүретін адамдардың  организмі салқын өлкедегі замандастарына қарағанда 0,6% жылдам қартаятыны белгілі болды. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың нәсіліне де, жасына да, ұлтына да, табыс деңгейіне де, жат әдеттерге үйір болуына да, тұрғылықты мекеніне де назар аударған, яғни, осындай факторларды ескерген. Целсия бойынша 26,7 °C және 32,2 °C-тан жоғары өңірлердегі адамдардың ерте қартаю қатерінен көз ашпайды.

0 пікір
Мұрағат