Жаһандық жылыну кедейлер қарасын арттырады
Жаһандық жылыну кедейлер қарасын арттырады
4 күн бұрын 1000 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық температураның 4°С-қа көтерілуі орташа адамды 40% кедей ететінін хабарлады The Guardian ақпарат көзі «Environmental Research Letters» мерзімді басылымында жарияланған климаттың дағдарысының экономикалық әсері туралы жаңа зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ресурстарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеуде адамның жеке байлығы емес, жан басына шаққандағы орташа жалпы ішкі өнім ескерілген. Бұл маңызды көрсеткіш ықтимал жылыну сценариі бойынша 40% -ға төмендеуі мүмкін, ал алдыңғы зерттеулер 11% деңгейінде болжағанын алға тартты Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің (UNSW) климаттық қауіп-қатер және оған жауап қату институтының экономисі Тимоти Нил. Сарапшы бұрынғы экономикалық моделдерде құрғақшылық немесе су тасқыны сияқты төтенше құбылыстардың жаһандық сауда-саттық (жеткізу, жабдықтау) тізбектеріне қалай әсер ететінін емес, ауа райының жергілікті өзгерістерін ғана ескергенін түсіндірді. «Анағұрлым ыстық болашақта бүкіл әлем бойынша төтенше ауа райы құбылыстарынан туындаған жеткізу тізбектерінде каскадты іркілістерді күтуге болады», - деді Нил. «Бәрін орташа температура емес, экстремалды құбылыстар шешеді», - деп мәлімдеді UNSW климатологы, профессор Энди Питман. Кейбір экономистер Канада, Ресей және Солтүстік Еуропа сияқты суық аймақтардың есебінен жылынудың жаһандық шығындары ішінара өтелуі мүмкін, деп есептейді. Алайда, Тимоти Нил әлемдік экономика саудамен байланысты болғандықтан, жылынудың салдары барлық елдерге әсер ететінін мәлімдеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4