Израилдегі сыған мұсылмандар (фото)
Израилдегі сыған мұсылмандар (фото)
6 жыл бұрын 6577 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Палестиналықтар оларды жақтыра бермейді, өйткені, олар Израил азаматтығын алғысы келеді. Сығандарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Алайда, олардың дені Еуроазия мен Африкада және сығандардың аса ірі қауымы да аталған құрлықтарда өмір сүреді. Ол ол ма, тіпті, теңіз сығандары да бар. Көшпелі өмір салтын ұстанған сығандар әлемнің әр түкпірінде шілдің қиындай шашырап жүргендіктен олардың тілі де ортасына қарай икемделіп, кей жағдайларда бір-бірін түсінісе алмай жатады. Израилдік сығандар "үй" деген атауға ие - бұл этникалық топ кәрі құрлықтың оңтүстік-шығысын және Африканың солтүстік-шығысын жайлаған. Олардың бір бөлігі Израилде, дәлірегі, Құдыс шаһарында тұрады. Олардың дені мұсылмандықты қабылдаған. Әдетте қолдарында жеткілікті қаражаты болмаса да сығандар ерте отбасын құрады. Израилдегі сығандардың дені сауатсыз, қарапайым алып-қосуды да білмейді, хат танымайды. Әйтсе де олардың арасында қолөнерімен шұғылданатындар бар. Сығандар басқа ұлт өкілдерімен емес, өздерінің қандастарымен шаңырақ көтереді. Өздерінің ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін сақтап қалу үшін. Десе де "рома" деп аталатын сығандардың этникалық тобы еврейлермен қаны араласып кеткен. Олар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін келгендер. Сыған мен еврейден туған метистер әдетте Израил азаматтығына ие және олар иврит тілінде сөйлейді, олардың балалары еврей саналады. 

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐµÐ²ÑейÑкие ÑÑгане видео

 

0 пікір
Мұрағат