Израил құны 1 млн доллар тұратын барлаушы ұшағын көрсетті (видео)
Израил құны 1 млн доллар тұратын барлаушы ұшағын көрсетті (видео)
1 жыл бұрын 690 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әскери және соғыс техникасы бойынша әлемде алдыңғы қатардан табылатын Израил Париж мегаполисіндегі халықаралық авиа-ғарыш салонында MARS2 («Орон») деп аталатын жаңа, барлаушы ұшағын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еврейлердің бұл әуе кемесі барлау деректерін жинауға арналған озық жүйелермен және технологиямен жабдықталған. Israel Aerospace Industries (IAI) концерні құрастырған бұл ұшақ барлық жүйеден ақпараттың мол мөлшерін жедел өңдеуге мүмкіндік беретін жасанды зердемен әрі алгоритмдердің арқасында озық ақпарат жинау жүйелерімен жабдықталған. Бұл ұшақ соңғы үлгідегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының барлық түрінен асып түседі. Биыл Израил авиациясын толықтыратын бұл ұшақ әскери, құпия барлау миссиясын орындайды.

0 пікір
Мұрағат