Интернетсіз жұмыс істейтін чат-бот пайда болды
|
Тұтынушылық және серверлік есептеу жүйелерінің ең ірі өндірушісі Char with RTX деп аталатын интеллектуалды чат-бот нұсқасын ұсынды. Аталмыш моделдің басты ерекшелігі – интернетті қажет етпейді, дәлірегі, автономды жұмыс істеу мүмкіндігі болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Chat with RTX-пен сөйлесу екі тіл үлгісіне негізделген - Mistral және Llama 2. Тікелей салыстыру кезінде екеуінің дәлдігі шамамен бірдей деп табылды немесе танылды, дегенмен, Mistral күрделі жауаптары бар шығармашылық тапсырмаларда неғұрлым немесе мейлінше дәл жауап табады. Бұл модел дербес пайдаланушының компьютерінде орналастырылады және Nvidia Tensor Cores мүмкіндіктерін толық пайдаланады. Қалай пайдалану керек? Толық орнату үшін қатты дискінің шамамен 70 ГБ бос орны, 16 ГБ жедел жады және 8 ГБ бейне жады бар Ampere, Ada-Lovelace немесе Hopper архитектурасы бар Nvidia GeForce графикалық картасы қажет. Chat with RTX қолданбасын Nvidia ресми веб-сайтынан тегін жүктеп алуға болады