Иманды сынау тәжірибесі: айфон үшін оразаңызды бұзар ма едіңіз (видео)
|
Жүсіп Кабани және Крестьян есімді блогерлер Лондон көшесінде жанынан өткен мұсылмандардың төзімділігін сынап көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қасиетті Рамазан айында ауыз бектікен олардың имамына қаншалықты берік екенін сынап көру мақсатында. Жүргіншілердің кейбіреуі олардың бұл тәжірибесіне түрлі реакция танытты. Алдымен кез келген мұсылманды тоқтатып, оның ауыз бекіткенін немесе бекітпегенін сұрап біліп алады. Егер ауыз бекіткен болса, ораза кезінде аузын сумен ашып“Айфон 12 Про Макс”-ті алуға қалай қарайтынын сұрайды. Әлбетте, жүргінші оның бұл «шайтани» ұсынысынан бас тартады. Қызықтың көкесі алда: Крестьянды танымайтын адам секілді арабша киініп алған Жүсіп те олардың жанына келеді. Крестьян оған жүргіншінің көзінше ұсынысын айтады, анау аса қымбат смартфон үшін суды ішуге келіседі, яғни, аузын ашып жіберуге әзір екенін айтады. Діндес бауырына жүргінші білген ақылын айтып, оны райынан қайтаруға тырысады. Ақыр соңында бұл тәжірибеге қатысқан мұсылмандардың әрбіреуіне нағыз 12-ші айфон тарту етіледі.