Илон Масктың қорқынышы...
Илон Масктың қорқынышы...
7 жыл бұрын 5392 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы технология тарихында ойып тұрып орын алған Илон Масктың неден қорқатыны белгілі болды. Адамзат көгіне жарқ етіп шығып, жарық жұлдызға айналған көрнекті тұлғаның айтуынша, жасанды интеллекті ешкім қашып құтыла алмайтын "өлемейтін диктаторға" айналуы мүмкін. Аз уақыттың ішінде әлемге әйгілі болған SpaceX және Tesla компанияларының директоры, миллиардер Илон Маск "Сен компьютерге сенесің бе?" атты Крис Пейннің деректі фильмінде осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, адамзат тарихында талай диктатор өткен. Мысалы, Адольф Гитлер, Сталин, Муссолини, т.б. Тіпті, біздің заманымызда да олар ұшырасады. Тарихтың еншісіне айналмаған жат құбылыстың бір жақсысы: олардың бәрі ерте ме, кеш пе, суішкілігі таусылатын жұмыр басты пенделер. Илон Маск өткен жылы жасанды интеллектінің үшінші дүниежүзілік соғысты бастауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Артынан бұл технологияны адамзатқа ең қауіпті технология деп атаған да болатын. Егер адамзаттың Марста немесе Айда табан тірер бекеттері ашылса, үшінші дүниежүзілік соғысқа бір табан жақындай түспек. 

1 пікір
Мұрағат