Илон Маск орбитаға планетааралық кемені шығаратын зымыранның бір бөлігін көрсетті (видео)
|
Илон Маск Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында орбитаға планетаралық кемені шығара алатын қауқары бар Big Falcon Rocket (BFR) тасымалдаушы зымыранның бір бөлігінің фото-суретін жариялапты. Ол цилиндірлі пішінде - бұл салмақты жеңілдетуге көмектеседі. Бұдан бөлек, оның жанында Tesla Model 3-тің фотосы тұр. Оның "туысы" қызыл электромобил Tesla Roadster әлемдегі әзірге ең қуатты тасымалдаушы Falcon Heavy зымыранымен орбитаға көтерілген болатын. 2018 жылдың ақпан айының 7-сі күні ұшырылған. BFR де Falcon Heavy секілді бір емес, бірнеше рет жүкті орбитаға шығара алады. Ол орбитаға 150 тоннаға дейін жүкті шығара алады. Бұған қоса, Big Falcon Rocke-мен суборбиталды коммерциялық мақсаттағы ұшуды жүзеге асыруға болады: ол бір сағаттың ішінде жердің кез келген түкпіріне жүк пен жолаушыларды жеткізе алады.