|
ИЕРУСАЛИМДЕ БІРНЕШЕ ҚАБАТТЫ ҚАБІРХАНА ЖАСАЛДЫ (ВИДЕО)
|
Құдыс қаласында тұңғыш рет ерекше қабірхана ашылып отыр. Ерекше дейтін себебіміз, аталмыш қабірхана бірнеше қабаттан тұрады. Ел билігі бұндай қадамға мәйіттерді жерлейтін жердің тапшылығынан барып отырғанын айтады.
Арнайы лифт арқылы түсетін қабірхана 14 қабаттан тұрады. Құрылыс жұмыстарына 50 млн доллар қаржы жұмсалған бұл қабірханаға 22 000 мәйіт жерлеуге болады екен.
Ерекше қабірхана құрылысы ел тұрғындарының әртүрлі пікірлерін туындатқанымен, Израиль мемлекетінің бас раввинаты бұл қабірхананың адами немесе діни құқықты бұзбайтынын мәлімдеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды