Христиандықты зерттеп, исламды қабылдаған жапон
Христиандықты зерттеп, исламды қабылдаған жапон
3 жыл бұрын 1694 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Киото университетінің қабырғасында әлемдік діндерді зерделеп жүрген Хироаки Кауаниши (суретте - ред.) есімді дінтанушы ғалым христиан діні факултетінде оқи жүріп, исламмен танысады. Исламды тереңірек зерделей келе хақ жолға түседі. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хироаки Кауанишидің өзі хақ жолға қалай түскенін былай баяндады: «Христиан дінін оқу барысында бізге факултетте әртүрлі діндер, соның ішінде ислам және иудаизм туралы кіріспе дәрістер оқылды. Мен осы лекцияларға қатысып, Ислам туралы бұрын естігендерімнен өзгеше нәрселерді білдім». Көп ойланып-толғанып жатпастан мешітке барып, исламы қабылдайды. Қазір оның есімі – Әлі. Осыдан кейін ол Стамбұлдағы  жоғарғы оқу орындарының біріне түсіп, ислам ғылымхалы бойынша диплом алып шығады.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш: исламды қабылдаған алғашқы жапон» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/tungysh-islamdy-qabyldagan-algashqy-japon-15324/#gsc.tab=0);

«Жерлестеріне ислам негіздерін оқытып жүрген жапон азаматы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jerlesterine-islam-negizderin-oqytyp-jurgen-japon-azamaty-16156/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат