Hike жүйесі велисопедті рюкзак секілді алып жүруге мүмкіндік береді (видео)
Hike жүйесі велисопедті рюкзак секілді алып жүруге мүмкіндік береді (видео)
1 жыл бұрын 1048 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ең тәжірибелі деген велисопедшінің өзі кейде жердің ойлы-қырлы болуына байланысты немесе жолсызбан жүргенде көлігін арқалап жүруге тура келетін кездері болады. Осыны ескерген британдық Restrap компаниясы бұл операцияны Hike жүйесінің көмегімен мейлінше жеңілдуді ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Hike жүйесі TPU жабыны бар су өткізбейтін нейлоннан жасалған. Аталмыш жүйе велосипедтің жоғарғы жақтауына бекітілген. Жаяу жүруге мейлінше ықшамдалған - оның өлшемдері: (ұзындығы, қалыңдығы)  - 270 х 70 мм, салмағы - 235 грамм. Жүйе екі иық белдігі және үш қосалқы белдігі бар жастықшадан тұрады. Велосипедті тасымалдау үшін алдымен жоғарғы жақтауды екі бекіткішпен субстратқа бекіту керек. Белдіктің бірі артқы дөңгелектің төменгі жақтауына, екіншісі - көлденең жақтауға бекітіледі. Осыдан кейін екі белдік иық белдіктеріне арнайы бекітпелермен жалғанады (олардың ұзындығын реттеуге болады). Басқа қосалқы бау алдыңғы дөңгелекті серуендеу кезінде салбырап қалмас үшін көлденең жақтауға бекітеді. Осыдан кейін велосипедті рюкзак сияқты киюге болады. Hike жүйесі қазір компанияның веб-сайтында 80 долларға бағаланып отыр.

0 пікір
Мұрағат