ХХІ ғасырдың үйлері тұрғызылып жатыр (видео)
|
Жапонияның "Japan Dome House Co» фирмасы тың жобаны қолға алды. Күншығыс елінің құрылысшылары пенопластан үйлер салып жатыр. Аталған құрылыс материалының ағаштан немесе металдан айырмашылығы: ешуақытта тат баспайды, шірімейді, жәндіктерді тартпайды, отқа салсаң – жанбайды, суға салсаң – батпайды, суықта жылу ұстайды, ал ыстық орнағанда салқын болып тұрады. Бұл өз кезегінде жылу алу үшін жұмсалатын энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зілзала кезінде құламайды, құлаған күннің өзінде адам өміріне қауіп төндірмейді. Ал отқа оранатын болса (екіталай нәрсе), улы иіс бөлмейді. "Japan Dome House Co» бұл жобасына «ХХІ ғасырдың үйі» деген атау берді. Бұл үй пішіні жағынан қазақ үйіне қатты ұқсайды. Тағы бір артықшылығы: бұл үйлерді тұрғызу көп уақыт алмайды, яғни, 2-3 адам оны бірнеше сағаттың ішінде тұрғыза алады. Үйдің көлемін өзіңіз белгілеуге болады. Арзан. Бағасы көлеміне және оған кеткен (әрлеуі мен сырлауы, т.б.) байланысты.