Хамелеон гүл табылды (видео)
Хамелеон гүл табылды (видео)
2 жыл бұрын 1682 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Токио университетінің профессоры Хироказу Цукай хамелеон гүлін тапты. Тек жапон аралында ғана өсетін Causonis (Causonis japonica) бұл өсімдік түрі өскен сайын түсін өзгертіп, құбылып отырады. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көбінесе жаңа түс жәндіктерге оның тозаңдануға дайын екендігі туралы хабар береді. Ал Каусонис гүлі түсін бірнеше рет өзгерте алады, соның ішінде бұрынға түсіне қайта оралуы мүмкін. Осылайша аталған өсімдіктің ең басты артықшылығы айтылды – екі жақты қабілетке ие. Кейде екі түске бірдей ие болып өзгере алатыны бар. Бұл қабілет оның репродуктивті жүйесінің ерекшелігімен байланысты болып шықты. Десе де мұның эволюциялық тетігі мен қандай пайдасы барын ғалымдар нақты атап бере алмай отыр. Еркекке тән кезеңде каузонис қызғылт сары түске енеді. Аталық қартайып, құлаған кезде гүл қызғылт түске боялады. Бірнеше сағаттан кейін пистил өсіп, каузонис қайтадан қызғылт сарыға айналады. Түстің өзгеруіне табиғи органикалық пигмент болып табылатын қызғылт сары-сары каротиноид жауап береді.

0 пікір
Мұрағат