Google дәрігерлердің шимай секілді жазуын тануға әрі оқуға мүмкіндік беретін функцияны іске қосады
Google дәрігерлердің шимай секілді жазуын тануға әрі оқуға мүмкіндік беретін функцияны іске қосады
2 жыл бұрын 1784 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда Google компаниясының конференциясы аясында Google Lens-ке енгізілген жаңа мүмкіндікті жариялады. Оның көмегімен рецептті (дәрігердің қолтаңбасын) суретке түсіру арқылы дәрі-дәрмекті табуға немесе анықтауға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Crunch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл функция шимай секілді көрінетін жазбаны ​​танитын оқу тәсілі десе де болады. Аталмыш функция галереядан дайын фотосуреттерді жүктеп салуға және пайдалану кезінде суретке түсіруге мүмкіндік береді. Алгоритм жазбаларды тануға және гаджет иесіне рецептте көрсетілген дәрілерді көрсетуге бейімделген. Google мамандары бұл аталмыш функцияның фармацевтика саласындағы жұмысты жеңілдетуге арналғанын алға тартып отыр. Жаңа функция қажетті өнімді табу үшін мәтінді (дәрі атаулары сияқты) нарықта кездесетін атаулармен салыстыру арқылы табуға негізделген. Үндістандағы Google компаниясының бас директоры конференцияда бұл технологияның қалай жұмыс істейтінін көрсетті, алайда, оның қашан іске қосылатынын, сондай-ақ, мәтінді тануда қай тіл қолданылатынын да жариялаған жоқ. Дәлірегі, функцияны жетілдіру жұмыстары жалғастырылып жатқанын жеткізді. Дегенмен, Google Lens сервисін тұтыну жағынан Үндістан алда тұрғандықтан аталған функция алдымен сол елде қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 

0 пікір
Мұрағат