Ғимарат түсін өзгертетін құрылыс материалы жасалды
|
Түсін өзгерту – жалғыз артықшылығы емес, аптап ыстықта ғимаратты салқындатып, суықта іштен жылытады. Отқа жанбайтын құбылмалы (хамелеон) материалды Чикаго университетіне қарасты Притцкер молекулалық инженерия мектебінің ғалымдары әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Xplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сыртқы температураға байланысты ол өзінің сипаттамаларын, соның ішінде түсін және жылумен әрекеттесу қабілетін өзгертеді. Оны үйдің құрылысында қолдануға болады. Мұндай керемет опциялар екі конформацияны қабылдай алатын арнайы қабат арқылы жүзеге асырылады: жылудың көп бөлігін сақтайтын қатты мыс (ғимарат жылы болады) және инфрақызыл сәулелену көзі ретінде қызмет ететін сулы ерітінді (бұл ғимаратты салқындатуға көмектеседі. ). Екі күй арасындағы ауысу режимін аз мөлшердегі электр қуатымен басқаруға болады. Бұл тараптағы зерттеуге жетекшілік еткен По-Шун Хсу есімді ғалымның айтуынша, энергияны аз тұтынатын бұл технология адамның киіну немесе шешіну әрекеттеріне ұқсайды: жаурасаңыз, қабат қосасыз, ал ыстықтасаңыз, қабатты алып тастайсыз. Осылайша ғимарат ішіндегі температураны қолайыңызға немесе қалауыңызға арай өзгерте аласыз. Ғалымдар материалды наты іс жүзінде сынап көрді және екі конформация арасында ауысу мүмкіндігі 1800 трансформация циклінен кейін де тиімді болып қала беретінін анықтады. Әзірге біз 6 см шағын үлгілер туралы айтып отырмыз, ал болашақта ғалымдар плиткалар сияқты бір-бірімен байланыстырылған массивтік парақтарды жасағысы келеді.