Ғасыр аяғында жаз мезгілі жарты жылға созылатын болады
Ғасыр аяғында жаз мезгілі жарты жылға созылатын болады
4 жыл бұрын 5604 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижесін Geophysical Research Letters ғылыми мерзімді басылымына жариялапты: 2100 жылға қарай жаһандық жылыну орташа есеппен алған күннің өзінде алты айға созылады. Климат өзгерісі өз кезегінде адамзатқа да, яғни, адамның өмір сапасы мен өмір сүру салтына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне де өз әсерін тигізетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар анықтағандай, 1952-2011 жылдар аралығында жаз мезгілінің ұзақтығы 78 күннен 95 күнге дейін артқан, ал қыстың ұзақтығы керісінде 73 күнге дейін қысқарған. Жыл мезгілдерінің ұзақтығындағы өзгеріс Жерорта теңізі аймағы мен Тибет таулы қыратында қатты сезіліп отыр. Қытай климатологтарының айтуынша, жердің солтүстік бөлігіндегі орташа ендіктегі жаз мезгілі ұзарып, қыс мезгілі қысқарған. Күз бен көктем мезгілдері қысқарған. Жаһандық жылынудың қазіргі қарқыны артпаған күннің өзінде жыл мезгілдерінің ауыспалы маусымы болашақта да өзгермейтін болады. 2100 жыл қарсаңында жаз мезгілі алты айға созылып, қыс мезгілінің ұзақтығы екі айдан аспайтын болады. Климаттың мұндай өзгерісі құстардың жылы жаққа көшу, яғни, миграциясында, ауыл шаруашылығында елеулі дағдарыс тудырады.

0 пікір
Мұрағат