Ғарыш кемесінде оттың қалай жанатыны таспаға тартылды (видео)
|
«Шенжоу 16» миссиясының экипаж мүшелері Қытайдың Тиангонг ғарыш стансасында өзгеше тәжірибе жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Орбитадағы микрогравитацияның жану процесіне қалай әсер ететіні таспаға тартылды. Жалын тілі жердегідей сопақ емес, шар тәрізді болып келеді. Жерде майшам жанғанда қалқу әсерінен пайда болатын конвекциядан қалыптасатын жалынды тудырады: ыстық ауа көтеріледі және суық ауа төмен ығысады. Дегенмен, бұл конвекциялық ағын төмен Жер орбитасының микрогравитациялық жағдайында әлсіз келмек. Бұл жалынның жан-жаққа таралып, сфералық отты шарды құрайтынын білдіреді. Осы орайда қандай да бір нәрсені тұтатып, от жағуға қатаң шектеу қойылған Халықаралық ғарыш стансасында мұндай тәжірибе жүргізу мүмкін емес еді. Өрт қаупі болғандықтан. Халықаралық ғарыш стансасында өртке қарсы тәжірибелер отты сөндіруге оңай жабық сөрелерде ғана жүргізіледі.