Ғалымдар уақытты өлшеудің тың әдісін ойлап тапты
Ғалымдар уақытты өлшеудің тың әдісін ойлап тапты
1 ай бұрын 1077 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейдің Дон мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары Лиссабон (Португалия) жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірге “жергілікті уақыт” ұғымының тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Foundations дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар уақыттың абстрактілі ұғымын нақты өмір құбылыстарымен байланыстыруды алдына мақсат етіп қойған екен. Осы мақсатта олар қарапайым геометриялық фигуралар талдауының негізінде «жергілікті уақыт» ұғымын қолданысқа енгізу үшін математикалық әдісті қолданды. Мұндай тәсіл өз кезегінде адамның күнделікті өмірде уақытты кәдімгі қабылдауымен алынған нәтижелерге сәйкес келуге мүмкіндік берді. Осының арқасында іс-шаралардың тәртібін көрсететін «жергілікті уақыт» ұғымын енгізуге болады. Бұл құбылыстардың қасиеттерін сипаттауға және теориялық тұрғыдан олардың дамуын болжауға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат