Ғалымдар түнде жұмыс істеудің қаупін айтты
Ғалымдар түнде жұмыс істеудің қаупін айтты
6 жыл бұрын 2471

Гонконг университетінің ғалымдары ұйқының жетіспеушілігінен және түнде белсенді болудан ДНҚ құрылымы бұзылады деген тұжырым жасады. Зерттеушілердің бұл ғылыми еңбегін Anaesthesia журналынан оқуға болады, - деп хабарлайды Tengrimews.kz тілшісі.

Ғалымдардың мәліметінше, түнгі ауысымдағы жұмыс ДНҚ-ның қышқылдайтын зақымы күшейе түседі, бұл өз кезегінде созылмалы ауруларды асқындырады. Зерттеу авторлары өздеріне жасаған тәжірибенің қорытындысына негізделе отырып осындай шешімге келген. Әрдайым түнде жұмыс істейтін дәрігерлер сараптамаға қан тапсырған. Оның қорытындысында ДНҚ зақымдану деңгейі жоғары болған, ал күндіз жұмыс істейтін дәрігерлердің көрсеткіші қалыпты болған. Мұның алдында Испанияның Жүрек-қан тамырларын зерттеу Ұлтты орталығының мамандары қысқа әрі қалың емес ұйқы атеросклероздың асқыну деңгейін өсіретінін анықтаған. Ал Еуропалық кардиологтар қоғамының мамандары ең тиімді ұйқы уақытын атаған еді: тәулігіне алтыдан сегіз сағатқа дейін.

0 пікір
Мұрағат