Ғалымдар тас кенеше жабысқан ойдан құтылудың амалын айтты
Ғалымдар тас кенеше жабысқан ойдан құтылудың амалын айтты
2 жыл бұрын 1491 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құдыс қаласындағы Еврей университетінің ғалымдары бұл бағыттағы тәжірибе барысында белсенді ойлау мен белсенді бақылаудың көмегімен обсессивті (тас кенеше жабысқан – ред.) ойлармен күресуге болады деген қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көптеген адамдарды оқтын-оқтын интрузивті ойлар - біздің санамызда пайда болатын идеялар немесе бейнелер мазалайды. Израил ғалымдары олармен қалай күресуге болатынын анықтады. Бұл тараптағы тәжіриеге қатысқан 80 адамды екі топқа бөліп, біріншісіне 60 сөзге ұқсас келетін нәрселерді, яғни, ассоциациясын (сөз айтылғанда еске түсетін нәрселерді) атауға тапсырма берілді. Бірінші топтағыларға еске түсетінін атағанда қандай да бір шектеу қойылмады. Ал екінші топтағылар ең қисынды, яғни, логикаға мейлінше сай келетін сөзді ғана атауды ұсынды – яғни, тәжірибеге қатысушыға берілген тапсырмаға байланысты  аузынан шыққан терминді қайталамауы керек деген шарт қойылды. Аталмыш зерттеу нәтижесі қайталауды болдыртпау мақсатын көздемеген адамдардың бірдей ассоциацияны жиі атайтынын көрсетті. Психолог Исаак Фрадкин адамдар қажетсіз ойлардан іргесін аулақ сала алмаса да ондай ойлардың қайта оралу ықтималдығының алдын алуға қабілетті екеніне атап өтті. Сарапшылар проактивті ойлау (импульсивті реакцияларға берілмеуге және басымдыққа ие болуға көмектесетін дағды) мен белсенді бақылау арқылы интрузивті ойлардан арылуға болады, деп санайды. Бірақ, бұл процесс, ғалымдардың пікірінше, елеулі күш-жігерді қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат