Ғалымдар смартфонға арналған, күннен қуат алатын қуаттаушы мата жасап шығарды
Ғалымдар смартфонға арналған, күннен қуат алатын қуаттаушы мата жасап шығарды
2 жыл бұрын 1379 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Қуаттаушы тоқыма бұйымы

Ноттингем Трент университетінің инженерлері смартфондар мен смарт сағаттарды зарядтауға болатын тоқыма бұйымдарын ұсынды. Матаның бір жұрнағы немесе жыртысы 400 мВт-қа дейін энергия шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 5 x 1,5 мм 1200 кремнилік фотоэлементтер 51 х 27 см матаға тігілген. Бұл элементтер судан шайыр арқылы қорғалған. Электр энергиясы күн сәулесінен пайда болады. Бұл бағыттағы сынақ нәтижесі материалдың жарықтандыру дәрежесіне байланысты 335,3-тен 394 мВт-қа дейін электр энергиясын шығара алатынын көрсетті. Оның қарапайым матадан еш айырмашылығы жоқ. Оны жұмарлап мыжуға да, бүктеуге, т.б. болады, тіпті, 40 ° C температурада басқа заттармен жууға да болады, соған қарамастан құрылғыларды қуаттау қасиетінен айырылмайды. Адам терісіне улылығы немесе зияны жоқ. Ғалымдар мұндай матадан тігілген киімде құрылғыларды зарядтауға арналған арнайы порттар болатынын айтты. Қарапайым сөзбен айтқанда, егер сіз өзіңізбен бірге сым алсаңыз, смартфонды футболкадан әрқашан зарядтауға болады.

0 пікір
Мұрағат