Ғалымдар шудың адам денсаулығына тигізер әсерін анықтады
Ғалымдар шудың адам денсаулығына тигізер әсерін анықтады
1 жыл бұрын 1320 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы заманғы қарбалас тірлігі көп мегаполис тұрғындары автокөлік пен өндірістің және өзге де шулы ортаның әсеріне көбірек ұшырайды. Бұл жайында islam.kz порталы Medical Answers ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Канаданың Монреал аралының тұрғындар денсаулығын табаны күректей 14 жыл бойы бақылап, қадағалаған екен. Нәтижесінде шу деңгейі мен инсульт және өзге де аурулар арасында байланыс бары анықталған. 2000-2014 жылдар аралығында бұл тараптағы тәжірибеге қатысушылардың денсаулығына талдау жүргізіп, оның нәтижесі Монреалдағы 200-ге тарта шуды өлшейтін құрал арқылы тіркелген шу деңгейімен салыстырылды. 1,1 млн Монреал тұрғынының осы аралықта 25 мыңнан астамы (жасы 45 және одан жоғары ересектердің санына шаққанда қала тұрғындарының 2,5%-ы) инсультпен емханаға түскен. Ишемиялық инсульт алғандар қарасы 21 мың болған, ал геморрагиялық инсульт алғандар – 4 мың. Әдетте ишемиялық инусльт мидағы қан тамырларының жарылуынан орын алады. Бұған қаладағы шудың теріс әсері себеп болған. Шу деңгейі 10 децибелге артқан сайын инсульт алу қатері 6%-ға өседі.

0 пікір
Мұрағат