Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді
Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді
7 жыл бұрын 12031 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қазіргі уақытта балдың құрамында тыңайтқыштың, дәлірегі, пестицидтің барын анықтады. Бұл адам денсаулығы мен ара  жәндігінің өзіне қауіп төндіреді. Ғалымдардың бұл мәлімдемесі Science мерзімді басылымында жарияланған. Швейцарияның Неушател университетінен Эдуард Митчел бастаған сарапшылар Антрактикадан өзге әр құрлықтан балдың 198 үлгісін сынақтан өткізген екен. Өздері сынақтан өткізген балдың 75%-да кем дегенде неоникотиноидтің бір түрі (инсектицидов класына жататын) кездескен. Бестен екісінен көп үлгісінде осынау химикаттың екі немесе одан да көп түрі табылған. Ғалымдар әдетте аталған тыңайтқыштың үлесі балдың құрамында қатерлі деңгейге жетпеуі керектігін алға тартып отыр. Суссекса университетінің биология профессоры Дэйв Гулсон химикаттың адам ағзасына тигізер зиянының зардабы туралы айтудың қиын екенін алға тартып отыр. Яғни, балды тұтынушылардың өліміне себеп бола алмайды. Алайда, бастапқыда білінбейтін зардабы уақыт өте келе шығуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Айта кетейік, неоникотиноид - астықты жәндіктерден қорғауға арналған нейроактивті химиялық зат. Аралардың бойына ол тозаңдану процесі кезінде тап болады. Ғалымдар араларды тыңайтқыштың бұл түрінен қорғау үшін химикатты пайдалануға толық тыйым салу керекігін алға тартып отыр. 

0 пікір
Мұрағат