Ғалымдар қан кетуді бірден тоқтататын гел ойлап тапты
Ғалымдар қан кетуді бірден тоқтататын гел ойлап тапты
2 жыл бұрын 1569 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гел улы емес және органимзге айтарлықтай әсер етпейді, яғни, залалы тимейді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде қан кетуді тез тоқтатуға көмектесетін көптеген құралдар бар, алайда, олардың барлығына тән бір кемшілік - өз функциясын орындағаннан кейін организмнен жоюдың қолайсыздығында жатыр. Терасаки биомедициналық инновация институтының білікті мамандары ыстыққа сезімтал поли(N-изопропилакриламид) бар гел жасады. Композиттік гидрогелге қысым астында сұйылту және тез қалпына келу мүмкіндігін беру үшін коагуляциялық агент - лапонит қосылды. Мамандар оны қолданғаннан кейін адам денесінің жылуы әсерінен қатты болып қалатын материал алды. Ал суық тұзды ерітіндінің әсерінен ол қайтадан сұйықтыққа айналады және оңай жуылады.

0 пікір
Мұрағат