Ғалымдар қажетсіз дыбыстарды құмықтыратын «дыбыс көпіршігін» жасады (видео)
|
Мейрамхана немесе түнгі клуб сияқты шулы ортада жаныңдағы серігіңді немесе қолсозым жерде тұрған біреуді есту қиынға соғуы мүмкін. Осы қолайсыздықты ескерген Уашингтон университетінің инженерлерінің бірнеше метр қашықтықтан айналадағы шуды «сүзуге» қабілетті жасанды зердемен жабдықталған құлаққап ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технология сұхбаттасушымен сөйлесуге назар аударуға мүмкіндік беретін «аудио тосқауылдың» бір түрін қалыптастырады. Құлаққап алты микрофонмен жабдықталған, борттық компьютермен және нейралды желімен үйлесімде дыбыс көздеріне, яғни, дыбыс шыққан жаққа дейінгі қашықтықты талдаудан өткізеді. Нәтижесінже алыстан келетін шуыл басылады да жақын маңдағы адамдардың дауысы күшейтіледі. Құрылғыны пайдаланушы «аудио тосқауылдың» радиусын 1 метрден 2 метрге дейін реттей алады - бұл сұхбаттасушыны шулы ортада анық естуге мүмкіндік береді, ал фондық шу 49 децибелге ауысады. Осы «дыбыс пілләсына», яғни, режимге кірген кез келген адам әңгімеге қосыла алады. Технология түрлі қосымшаларда қолдануға қолайлы. Атап айтқанда, есту қабілеті бұзылған, яғни, құлағы мүкіс адамдарға да қолайлы.