Ғалымдар өрмекші адамның торы секілді қасиетке ие желім жасады (видео)
|
NTU Singapore ғалымдары түрлі зат пен бұйымға тас кенеше жабысатын айрықша, қайта пайдалануға болатын желім жасауда. Бұл жайында islam.kz порталы National Science Review мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Сингапур ғалымдары ұзақ уақыт және қайта пайдалануға болатын полимерлі желім жасады. Ол температура өзгерген кезде жабысқан жерінен ажырап кетеді. Қарастырылып отырған полимердің негізі E44 эпоксидті шайырдан тұрады. Бөлме температурасында қатты пластик ретінде немесе күйінде болғанымен қыздырғаннан кейін материал жұмсарып, резеңкеге айналады. Ол, тіпті, кішкентай саңылаулар мен жарықтардан өтіп, қататын болса, өте берік байланыс құруға мүмкіндік береді. Егер оны алып тастау қажет болса, полимерді қайтадан қыздыруға болады, Сингапурдағы Наниан технологиялық университетінің (НТУ) ғалымдары жүргізген сынақ барысында өзгеше желім түрлі текстураларға оңай жабысып, ажыратылғаннан кейін орнында дақ немесе із қалдырған жоқ. «Технология робот альпинистер үшін өте пайдалы болмақ және күндердің күнінде адамдарға нағыз Өрмекші адам сияқты тегіс қабырғаларға өрмелеуге мүмкіндік береді», - деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Жимми Хсиеесімді профессор. Полимерді жабысқан жерінен ажырату үшін 60 ° C-қа дейін қыздыру керек (шаш кептіргішті пайдалану арқылы ажырату шамамен бір минутты алады). Жабыстырғанда оны салқындатуға және орнатуға шамамен үш минут кетеді. Дегенмен, ғалымдар бұл процесті тездетудің жолдарын іздестіретін болады.