Ғалымдар кей адамдардың неліктен тойғанын білмейтінін анықтады
Ғалымдар кей адамдардың неліктен тойғанын білмейтінін анықтады
2 жыл бұрын 1755 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адамдарда аутотоксин өндірісін қалыпқа келтіретін препараттарды әзірлеуде – аталған дәрі тек семіз адамдарға ғана емес, сонымен қатар, тамақтану әдетінен болатын ауытқудан зардап шегетіндерге де көмектеседі. Бүл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Metabolism мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Германия аумағындағы Келн университетінің ғалымдары адам күпті болғаншы өз-өзін тамақтан тыймайтын ми аймағын зерттеген екен. Белгілі болғандай, бар гәп эндогендік лизофосфолпидо өндірісін бақылайтын гипоталамуста болып шықты. Солардың бірі – аутотоксин. Бұл қосындылар адамның ас-ауқатты қабылдауыеа және холестеринді шығаруына жауапты. Бұл тараптағы зерттеу барысында гипоталамус жасушалары тым қозатын болса, адам «қозғалмалы» (яғни, ұдайы аштықты сезіндіріп тұратын жағдай) аштықтың азабын тартады. Аштықтың бұл өзгеше түрі тағаммен қанағаттанбайды. Ғалымдардың айтуынша, артық салмақтан және екінші типті сусамырдан зардап шегетін адамдардың бойында аутотаксин көптеп бөлінеді. Ғалымдардың бұл гипотезасы зертханадағы тышқандаарға жүргізілген тәжірибе мен сынақ нәтижесінде расталды.

0 пікір
Мұрағат