Ғалымдар Жерді Күннен көпіршіктермен қорғамақ
|
Математикалық модел күн сәулесі бар-жоғы 1,9 пайызға ауытқыса, жерді салқындатып, тіпті, жаһандық жылынудың бетін қайтаруға болатынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта Массачусет технологиялық институтының ғалымдары «Ғарыш көбігі» деп аталатын жобаны ұсынып отыр. Америкалық ғалымдар мұндай жобаны әлем елдерінің климат дағдарысын еңсеру бағытында ортақ тоқтамға келе алмай отырғандықтан қолға алып отыр. Яғни, адамзат экономикалық мүдде үшін экологияны құртып, жасыл энергияға көшуді ертеңгі күнге сілтеп жүре беретін жауапсыздығынан осындай қадамға барып отыр. Дәлірегі, ғалымдар жаһандық жылыну қарқынын тежеу мақсатында жер планетасын күннен арнайы, алып барьер арқылы қорғауды ұсынып отыр: ғалымдар жұқа пленкадан ғарыштық көпіршіктердің саны көп деп санайды. Олар күн сәулесін жауып тастайды. Оларды толтыру үшін өте аз газды қажет етеді, өйткені, ғарышта сыртқы қысым болмайды. Жобаға сәйкес мұндай көпіршіктерді метеориттердің зақымданған үлгілерін алмастыра отырып, планетаның орбитасына тез орналастыруға болады.