|
Ғалымдар жаңа да көне эмоцияға алғаш рет анықтама берді
|
Жаңа дейтініміз, ғылымда мұндай эмоцияға алғаш рет назар аударылып, арнайы анықтама берілді, ал көне дейтіміз, мұндай эмоция адамзат жаратылғалы бері болмысына тән. Бұл жайында islam.kz порталы championat.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар әр адамға таныс болғанымен әлі күнге ғылыми атауы жоқ эмоцияны сипаттады. “Кама мута” деген атауға ие болған эмоция әдетте әлеуметтік байланыс кезінде пайда болатын терең сезім - көптен бері көрмеген туысымен қауышқанда немесе жан толқытатын көріністе (фильм, саз, көркем туынды, т.б.), т.б. кезінде пайда болады. “Кама мута” термині санскриттен алынған (мағынасы “сүйіспеншіліктен тебіренуге” саяды). Ғалымдардың түсіндіруінше, мұндай эмоция махаббат пен сүйіспеншілік ортақ, қандай да бір жан толқытар жайтқа куә болғанда кенеттен пайда болады. Осло университетінің Томас Шуберт есімді ғалымының айтуынша, мұндай эмоция әлеуметтік байланысты арттырып, адамның тұтас бір нәрсенің біір бөлшегіндей сезінуіне мүмкіндік береді. Эмоция тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, тәндік әсері де болатынын алға тартады: денесі бір ысып, бір суып, терісі шымырлап, тамағына жас тығылып, ерекше сәтті бастан кешеді. Ғалымдардың мәлімдеуінше, аталмыш эмоция адам эволюциясында маңызды рөл ойнаған, дәлірегі, қандай да бір сыг-қатерден аман қалу үшін әлеуметтік байланысты артырып, қоғамдасып өмір сүруге ықпал еткен. Мұндай эмоцияны жиі өткеретін адамдар әдетте жомарт келмек және өмірдің мәнін тез аңғарады.