Ғалымдар екі жылдан кейін әлем бойынша деректерді сақтау дағдарысы орын алатынын ескертті
|
Егер біз барлық ақпаратты DVD дискілеріне салсақ, бұл үйінді Айға дейін және кері қарай 23 рет жол ашады екен. 2025 жылға қарай бұлттық қоймадағы деректер көлемі үш есеге артады және оны өңдеуге орын жеткіліксіз болады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бриатниядағы Астон университетінің ғалымдары ені бес нанометрден аз арналары бар беттерді жасаудың жаңа технологиясын, дәлірегі, ені бес нанометрден аз, адам шашының енінен шамамен 10 000 есе кіші арналары бар беттерді жасаудың мүлдем тың технологиясын әзірлеуде. Олар қазіргі уақытта жыл сайын әлемдегі электр энергиясының 1,5% тұтынатын көбірек серверлерді құруды қамтымайтын жобаны әзірлеуді алдына мақсат етіп қойды. Бұл тарапта аталмыш жоба авторы Мэтт Дерри: «Сақтау технологиясын жақсартпай жай ғана жаңа деректер орталықтарын салу өміршең шешім емес» деп мәлімдеді. Ғалымдар қазірдің өзінде адамзаттың деректерді сақтаудың жаһандық дағдарысы қаупімен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартып отыр. Сарапшылар есебінше, бүкіл ғаламдық ақпарат саласын DVD-де сақтаса, сізді Айға 23 рет апарып, алып келуге жететін немесе Жерді 222 рет қамтитын бір қабатты Blu-ray дискілерінің дестесі болар еді.