Ғалымдар адамдарға суицид туралы ойлар жиі келетін айлар мен сағаттардың есебін шығарды
Ғалымдар адамдарға суицид туралы ойлар жиі келетін айлар мен сағаттардың есебін шығарды
2 жыл бұрын 1143 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамның өмірден түңіліп, торығуы (бұған жеке бастың қамынан бастап, қоғамдық немесе әлеуметтік факторлар себеп болып жатады) адами фактор тұрғысынан қалыпты жағдай саналғанымен оның арты жақсылықпен аяқтала бермеуі мүмкін, кейбіреуілері күүйзеліске бой алдырса, кейбіреуі өз-өзіне қол жұмсауды ойлайды. Десе де ғалымдар мұндай қатерлі ойдың жылдың қай мезгілінде жиі келетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, адамға өз-өзіне қол жұмсау туралы қауіпті ойлар желтоқсан айының таңертеңгісін көбірек келетін болып шықты. Ал суицид туралы ойлардың шарықтау шегі наурыз айында және жаздың басына тұспа-тұс келеді. Халықаралық ғалымдар тобы табаны күректей алты жыл бойы он мыңдаған адамды қадағалай келе осындай тұжырымға келіп отыр. Қыстың көзі қырауда күн жарығының жеткіліксіздігінен адамның психикалық жай-күйі төмендейді, осыдан барып қатерлі ой қылаң береді. Бұл ойды жарты жыл ішінде жүзеге асыру қатері жоғары болатыны да расталып отыр. Бақылау кезінде өз-өзіне қол жұмсауға оқталу оқиғалары осы аралықта көбірек тіркелген.

0 пікір
Мұрағат