Ғалымдар 80 жылдан кейін жерді топан су басатынын мәлімдеді
|
80 жылдан кейін жаһандық жылыну салдарынан жер шарын топан су басып, адамзат жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлады Science Alert басылымы. Бұл туралы arhar.kz порталы sputniknews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Ғалымдар қазір ғаламшарда жаһандық жылынуды едәуір жеңілдететін процестер жүріп жатыр деп есептейді.
Олардың есептеуінше, 80 жылдан кейін жалпы температура бес градустан жоғары болады. Осының салдарынан мұздықтар жаппай ери бастап, топан су басады. Жылыну басқа да табиғи апаттарға әкелуі мүмкін деген де болжам бар. 200 миллионға жуық адам су тасқынынан зардап шегеді, олар басқа өңірлерге белсенді түрде көшіріледі. Адамдарды тамақтандыру өте өткір мәселеге айналады.
Жағалаудағы аумақтарды су басып, Франция, Германия, Испания және Ұлыбритания аумағынан асып түсетін 1,8 миллион шаршы шақырым жер жарамсыз болып қалады. Сонымен бірге, жарамсыз жердің көп бөлігі азық-түлік өндірілетін аса маңызды аймақтардың бір бөлігі болады, — деп ескертті ғалымдар.