Ғалымдар 184 елде 2 типті қант диабетінің 70%-ның себебін атады
Ғалымдар 184 елде 2 типті қант диабетінің 70%-ның себебін атады
1 жыл бұрын 1079 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Тафтса университеті (АҚШ) ғалымдарының арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес күллі әлем бойынша 2-ші типті қант диабеті себептерінің 70-ы пайызы дұрыс тамақтанбаудан болып шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасаған forbes.kz ақпарат көзіне жөн сілтей отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқандар 1990-2018 жылдар аралығында 184 елден алынған Global Dietary Database мәліметін зерделеп, сараптай келе осындай қорытынды жасады. Қарастырылған он бір сусамыр факторының үшеуі 2 типті қант диабетінің жаһандық тұрғыдан артуына ықпал етткен: дәнді дақылдарды жеткілікті деңгейде тұтынбау, тазартылған күріш пен бидайды шамадан тыс тұтыну және өңделген етті шамадан тыс тұтыну. Тәтті жеміс шырынын ішудің сусамыр дертіне шалдықтырудағы рөлі төмен болып шықты. Ал елімізге келсек, «Денсаулык» ұлттық қауымдастығының жетекшісі, дәрігер Бақыт Түменованың айтуынша, соңғы он жылда сусамыр дертіне шалдыққан науқастар саны 2 есеге артып кеткен. Бүгінгі таңда 400 мыңнан аса адам есепте тұр. Сусамыр адамның өмір сүру салтына тікелей әсер ететін аурулардың бірінен саналады. Сусамырдан зардап шегетіндер арасында қала тұрғындарының қарасы көп. Әйелдерге қарағанда ерлер саны көп. Егде жастағыларға қарағанда жастар саны көп. Ал географиясы жағынан Орталқ және шығыс еуропалықтар, Орта азиялықтар қарасы көп. Африка құрлығында аталған дерттен зардап шегетіндер қарасы көп төмен.

0 пікір
Мұрағат