Гаджетке тәуелділікті кедейлік белгісі деп таныды
Гаджетке тәуелділікті кедейлік белгісі деп таныды
6 жыл бұрын 5669 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам өмірін осы заманғы технологиясыз елесте алмайсыз. Өйткені, қажет. Десе де дидарласып, тілдесуді "байлықтың", цифрлы қызметті белсенді пайдалану кедейлік белгісі ретінде танылды. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзінде жарық көрген мақалада айтылған. Бүгінгі таңда байлар гаджетті пайдаланбауға тырысады. Дәулетті адамдардың балалары смартфонмен уақыт өткізбейді, яғни, ой-өрісін дамытуға көмектесетін конструктормен ойнайды. Байлар осы заманғы технология қолданылмайтын жекеменшік мектептерге бергенді жөн көреді. Яғни байлар үшін әлеуметтік желіде уақыт өткізу, электронды поштаны ақтару, т.б. сәннен қалған. Ал кедейлер жаңа технологияларды барынша белсенді қолдануға көшкен. Өйткені, гаджетті пайдалану білім алуды арзандатып, қарттарды күтіп-бағуды жеңілдетеді, мейрамханадан тағамды тапсырыспен алдыруға қолайлы. Аталмыш мақала авторы Нелли Боулз бұл бағытта байлардың өмір сүру салтын зерттейтін салтанатты өмір институты келтірген деректерді талдаған екен. Байлардың саяхаттауға, т.б. жұмсаған шығыны гаджетке кететін шығыннан асып түскен. Байлар өмірден ләззат алу үшін гаджетке телмірмей өзара қарым-қатынасқа  көп мән береді. 1980-ші жылдары технологиялық жаңа құрылғылар мен құралдарға ие болу билік пен байлықтың көрінісі болса, бүгінгі таңда бұған адамзаттың көбісі қол жеткізген. "Пейджер маңызды болды, сіздің қандай іскер адам екеніңізді көрсететін еді. Бүгінде сіз шыңға шықтыңыз делік, ешкімге жауап беруіңізге аса қажеттілік жоқ. Басқалары сізге жауап беруі тиіс",- деді Оңтүстік Калифорния университетінің маркетинг бөлімінің жетекшісі Джозеф Нуньес пейджер секілді байланыс құралының адамның өміріндегі маңызын мысалға келтіре отырып, байлық пен кедейліктің арасындағы айырмашылықтың қалай өзгергенін меңзеді. Ақшасы бар адамдар гаджетке мұқтаж емес. 

0 пікір
Мұрағат