Фейсбуктың біз білмейтін қулық-сұмдықтары
|
Facebook қолданушылары жөнінде аталмыш компания қандай мәліметтер жинайтынын зерттеген мәліметтер жөнінде сараптама жүргізетін маман Вики Бойкис өз білген ақпаратымен бөлісті.
Facebook-та бөліскен барлық ақпарат сақталынады
Әрине, әлеуметтік желі жариялаған, жүктеген барлық фото, жазба, қызыққан іс-шаралар, фото, видео, сізді белгілеген суреттер, жеке хаттар, достарыңыз, аккаунтқа қосылған күніңіз және қандай телефон арқылы кіргеніңіз сақталады.
Жарияланбаған жазбалар
Кезекті жазбаңызды жазып, көпшіліктің назарына ұсынар алдында айнып қалып, оны өшіріп тастасаңыз да Facebook сақтап қалады.
Өшірілген жазбалар
Жазған пікіріңізді өшіріп тастадыңыз ба? Ол көрінбей тұрса да, ақпарат серверінде сақталады. Facebook-тің бұрынғы қызметкері 2013 жылы былай деп жазған еді. «Facebook-ке ақша берсеңіз де сіз туралы мәліметтерді өшірмейді. Аккаунтын өшіруге бел буған адамның жеке ақпараты бір адамға байланысты болмайды. Бар болғаны осы» дейді ол.
Адамның түр әлпеті
Facebook-те DeepFace бағдарламасы жұмыс істейді. Ол адамдардың жүзінен тани алады. Досыңыз фотода сізді белгілеген сайын, ол DeepFace базасын толтырып отырады. Ендігі жолы бағдарлама сізді ешбір қиындықсыз «таниды».
Сіз көрсетпеген мәліметтер
Facebook өзі немесе серіктестерінің көмегімен әлеуметтік желіге тіркелгендердің парақшасын сараптайды. Оған қандай жарнама қызықтырады, телефон номерлері, үй мекен-жайы және қосымша электронды пошта, орналасқан жері, жынысы, тілі, білім деңгейі, кірісі, үйдің бағасы, аумағы және үйдің салынған жылы деген секілді ақпаратты жинастырады.
Не қызықтырады
Facebook-ке 360 градусты видеоларды жүктеуге болады. Онымен камерамен қайда бұрғысы келесе де, бұра алады. Ал әлеуметтік желі сізге қандай салалар қызықтыратын зерттейді.
Facebook-тен тыс
Facebook сіздің басқа қандай сайттарға кіретініңізді бақылайды. Тіпті сіз әлеуметтік желіден шығып кетсеңіз де куки арқылы сізді аңдуға тырысады. Facebook курсордың орын алмасуына дейін аңди алады. Бұл ақпараттармен Facebook не істейді? Аталмыш ақпаратты түрлі мақсатта қолданады. Ең алдымен қандай жарнама қызықтыратынын білу үшін. Бірақ компания жасырын түрде сіздің басқан лүпілдеріңіз бен жаңалықтарыңызды бақылай отыра әлеуметтік тәжірибе мен зерттеулер жасауы мүмкін. Сіз туралы ақпаратты мемлекеттік органдар мен сақтандыру компанияларына бере алады. Компания қызметкерлері оны жеке мақсаты бойынша да зеттеуі ықтимал.
Не істеу керек?
Вики Бойкис Facebook–ті қолданғанда пайдаланатын өз ережелерімен бөлісті. Жеке басыңызға қатысты көп ақпарат жарияламаңыз. Балаларыңыздың фотосын шығармаңыз. Әсіресе ол фотоға рұқсат бере алатын жасқа дейін жетпегенше. Facebook-ті қолданып болғаннан кейін, желіден міндетті түрде шығып кетіңіз. Facebook үшін бөлек браузер қолданыңыз. Жарнамаларды бұғаттап отырыңыз. Facebook-ті, оның ішінде Facebook Messenger-ді саяси шараларды ұйымдастырған уақытта қолданбаңыз. Пікір алаңы ретінде Facebook-тің өзін пайдаланып, хат алмасуға басқа мессенджерді қолданған абзал. Мәселен, Signal, Telegram (Лажы болса Facebook–ке тиесілі емес мессенджері болғаны дұрыс).