Exoquad электр көлігі мүгедектерге өз бетінше саяхаттауға мүмкіндік береді (видео)
Exoquad электр көлігі мүгедектерге өз бетінше саяхаттауға мүмкіндік береді (видео)
7 ай бұрын 1011 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегиялық Exotek стартапы Exoquad деп аталатын жаңа электрлік квадроциклді жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы 4pda.to ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол аяқ-қолы бүтін, денсаулығы мықты адамдардың өзі абайлап жүретін ең қиын жерлерді зерттегісі келетін немесе ойлы-қырлы жерлерде серуендегісі келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған құрылғы бірнеше нұсқада ұсынылған, оның ішінде қозғалтқышы жоқ түрі құрастырылуы мүмкін. Exoquad-тің артқы жағында ригелі бар күшті алюминий жақтау орналасқан. Артқы жетекті нұсқада әрқайсысы 3,5 кВт екі электр қозғалтқышы қолданылады. Толық жетекті нұсқада алдыңғы дөңгелектерге тағы екі 600 Вт қозғалтқыш орнатылған. Жүйе қуаты сағатына 2,1 кВт болатын 48 В батареямен қоректенеді. Сонымен қатар, құрылғы жол талғамайтын дөңгелектермен, гидравликалық дискілі тежегіштермен және алдыңғы және артқы жағында амортизаторлармен жабдықталған. Стандартты батарея аралас жүргізу режимінде 4-тен 6 сағатқа дейін автономдықты (яғни, дербес қозғалуды) қамтамасыз етеді. Электрлі құрылғы толық жетекте сағатына 6 шақырым жылдамдыққа дейін немесе 2WD режимінде сағатына 15 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Бағасына келсек, 2WD Exoquad - 14,109  доллар және 4WD Exoquad - 17,365 доллар. Ал моторсыз нұсқасы 7814 доллар тұрады

0 пікір
Мұрағат