Еврей мұғалім иудаизмнен гөрі исламды артық көретінін айтты
Еврей мұғалім иудаизмнен гөрі исламды артық көретінін айтты
3 жыл бұрын 3781 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Харков қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім әрі блогер Алексей Скорик (суретте) неліктен иудаизмге емес, исламға «бәс тігетініне» тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, исламның күні туды, өзге бағыттағылар бүгінде қоғамдық реттеуші функциясынан айырылып қалған. Сол себепті, исламды зерделеп, оның құндылықтарын өмірге ендіру керек. Осылай деген ол иудаизмде инфрақұрылымның жоғын алға тартады, оның әлемді өзгертуге қауқар танытатын жеткілікті жамағаты жоқ. Ол сөзінің растығын дәлелдеу үшін өзі кезінде үлкен үміт артқан Бней Ноах миссионерлік қозғалысын мысал етті. Аталмыш қозғалыс еврей еместерге иудаизмді таратумен айналысады. Алайда, бұл қозғалыстың түбі шикі екенін –ұдайы сырттан қатарына адамдардың қосылып отыруын көздейтін  методикасына байланысты уақыт өте келе түбі сектаға айналып танытанын  жеткізіпті. Оның сөзіне қарағанда, исламға қарсылық күшті болғанына қарамастан исламның өз алдына тұтас жүйе екенін, нақты ілім-біліммен толыққанын тілге тиек еткен. Еврейлік мұғалім исламда инфрақұрылым барын айта келе доңғалақты қайта ойлап табудың қажеті жоғаны алға тартты. Сөзінің соңында ол исламның аса қуатты күшке ие екенін, қаласақ та, қаламасақ та, ислам дәуірі орнайтынын жеткізді. Сол себепті, уақытты текке кетірмей, исламға ден қоюға шақырған. Ислам ілімі мен білімін нақты өмірде қолдануға болатынын, тек дұғамын шектеліп қалмай нақты жасампаз әрекеттерге бастайтынын тілге тиек етіпті.

0 пікір
Мұрағат