ЕВРЕЙ ӘЙЕЛ РАМАЗАНҒА ОРАЙ МҰСЫЛМАНДАРҒА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАДЫ
|
Махачкала тұрғыны Хизри Абдурахманов өзінің Фейсбук парақшасында Рамазан айында куә болған қайырымдылық оқиғасы жайлы бөлісіпті. Ол өз жазбасында еврей әйелдің жалға беріп отырған ғимараты үшін мейрамхана қожайынынан Рамазан айына орай ақша алмағаны туралы баяндапты.
Оған бұл туралы ауызашар дастарханы үстінде Дағыстандағы мейрамханалар желісінің қожайыны айтқан көрінеді. Автор Рамазан айы кезінде көптеген кафе, мейрамханалардың өз жұмысын тек ақшам намазынан соң ғана бастайтынын жазады. Ал, бұл өз кезегінде ғимаратты жалға алып отырған кәсіпкерлер үшін тиімсіз екені белгілі.
«Қаладағы мейрамханалардың және жалға берілген ғимараттардың қожайындары – әртүрлі ұлт өкілдері. Лезгиндер, аварлар, лактар, даргиндер... Айта берсең өте көп. Алайда, солардың арасында жалғыз еврей ұлтының өкілі бар. Бір қызығы, Рамазан айына орай жалға алушылардың ақша алмай отырғаны да сол жалғыз еврей әйелі», – дейді ол.