Еуропада ұшақтарда телефон шалып, интернетті пайдалануға рұқсат етілді
Еуропада ұшақтарда телефон шалып, интернетті пайдалануға рұқсат етілді
2 жыл бұрын 1199 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия еуропалық тасымалдаушыларға ұшақтарына соңғы 5G технологиясын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа ережені бекітті. Бұл ереже туристерге ұшу кезінде телефон шалып, интернетті пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшақтың 5G қамтуы ұшақтарда «пикоселлер» деп аталатын арнайы желілік жабдықты орнатудың арқасында мүмкін болатыны түсіндірілді. Шағын ұялы базалық стансалар жердегі ұялы желіге спутник арқылы телефон қоңырауларын, мәтіндік хабарламаларды және басқа деректерді жібереді. Еуропалық комиссия бұл технология 2023 жылдың маусым айының 30-на бастап іске қосылатынын атап өтті.

Түрлі әуе компанияларының соңғы ережелерінен қызықты мәліметтер:

Air India экипаж мүшелеріне таз баспен және ағарған шаштарымен жүруге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы британиялық The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа ереже талаптарына сәйкес азиялық әуе компанияның стюардессалары ақ шашын табиғи реңкте бояуға міндетті, ал ашық түстер мен бояуға арналған хнаға рұқсат етілмейді. Оның үстіне, әуе компания қызметкерлеріне ұшақта жолаушы ретінде ұшатын болса да күнделікті киім киюге тыйым салынды. Бұдан бөлек, басы таз, яғни, төбесі таз болса, экипаж мүшелері бұл олқылықты білдірмесі үшін шашын түгел қырып тастауы тиіс. Сондай-ақ, стюардессаларға иісі күшті парфюмерия мен одеколондарды, яғни, әтірді қолдануға рұқсат етілмейді, алайда, жағымсыз иісті кетіретін дезодорантты қолдануы қажет. Сонымен қатар, жаңартылған ереже нұсқасында стюардессаларға кедендік тексеруде ұзақ уақытты алмасы үшін әшекей бұйымдарды, ал экипаждың ер адамдарына «біртүрлі» шұлық киюге тыйым салынғаны көрсетілген. Шұлық тобықтан жоғары немесе төмен болмауы және шалбардың түсіне сәйкес келуі керек. Бұл шаралар негізінен халықаралық ұшуларды жүзеге асыратын аталған әуе компаниясының имиджін жақарту бағытында қолға алынған. Ал The Guardian ақпарат көзінің жазуынша, British Airways экипажының ер адамдарына макияж киюге және тырнақ бояуға рұқсат берілді. Бұған қоса, бортсеріктері мен ұшқыштары да құлақтарын тесіп, жасанды кірпік жалғап, сырғалар мен сөмкелерді қоса алғанда, аксессуарларды қызмет кезінде өзімен бірге алып жүре алады. Сонымен қатар, экипаж мүшелеріне шашын иығына дейін өсіруге рұқсат етіледі,  алайда, қызмет кезінде жалбыратпай, төбесіне немесе желкесіне түйіп қоюы тиіс.

0 пікір
Мұрағат