Ескі ғимаратты 700 сабынның көмегімен жылжытты (видео)
Ескі ғимаратты 700 сабынның көмегімен жылжытты (видео)
5 ай бұрын 578 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канаданың оңтүстік-шығысында орын тепкен Галифакс елді-мекеніндегі тарихи ғимаратты 700 сабынмен жылжытты. Жаңа құрылысқа орын босату үшін. Екі ғасыр бұрын тұрғызылған ғимараттың салмағы 199,5 тоннаны құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы washingtonpost.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарға қарағанда, құрылысшылар алдымен екі экскаватор мен эвакуатордың көмегімен ғимаратты қазып, 12-ден астам темір арқалық орнатып, орнынан қозғалтпақшы болған екен. Содан кейін жұмысшылар гидравликалық домкраттарды пайдаланып, ғимаратты 2,5 сантиметрге көтеріп, тіреуіш құрылымдардың арасына 700 сабын төсеген. Түнде ғимарат салмағының астында жаншылып езілген сабын арқалықтарды тайғақ еткен. Осылайша ғимаратты жылжыту мүмкін болған. Нәтижесінде ғимарат 9,1 метрге дейін жылжыған. Үш қабатты бұл ғимарат 1826 жылы салынған.

0 пікір
Мұрағат