Ерлердегі қарынға жиналған май қатпары әйелдерге қарағанда 10 жыл бұрын есте сақтау қабілетін жоғалтуға әкеледі
|
Лондон императорлық колледжінің ғалымдары қарын аймағына жиналған май қатпары ерлерді әйелдерге қарағанда он жыл бұрын ақыл-есінің кемістігіне алып келетінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы British Medical Journal мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта арасында семіздік пен артық салмақтан зардап шегетін, сусамыр, екінші қант диабеті, қас қысымы жоғары науқастар да кездесетін 32 имың адамның денсаулық деректерін талдаудан өткізді. Бұл мәліметтер Ұлабританияның биологиялық банк түрінде берілген. Сонымен қатар, ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың МРТ нәтижесін талдап, олардың әрқайсысының қарнындағы май массасын есептеп берді. МРТ көмегімен олар жүрек-қан тамырлары ауруларының мида болатын өзгерістерге әсерін бағалады. Жүйке жасушаларының прогрессивті жоғалуы ақыл-есінің кемістігіне бастайтынын көрсетті. Зерттеу барысында қарынға май байлаған ер адамдарда (қарын маңындағы ағзаларға кері әсер етеді) танымдық қабілеттері 55—74 жас аралығында төмендей бастағаны белгілі болды. Әйелдерде бұл процесс орта есеппен он жылдан кейін - 65-тен 74 жасқа дейін орын алған екен.