Ерекше, хамелеон шоколад (видео)
Ерекше, хамелеон шоколад (видео)
5 жыл бұрын 1780 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның  Цюрих жоғары техникалық мектебінің (ETH Zurich) әрі аталған елдің солтүстік-батысында орын тепкен Қолданбалы ғылым және өнер университетінің (FHNW) ғалымдары қандай да бір жасанды қоспасыз-ақ шоколадқа түрлі түсті өң беретін тағам технологиясын ойлап тапты. Мұның бәрі ғалымдардың түсі өзгеше шоколад жасау ниетінен басталды. Ең алдымен шоколадтың беткі жағына жеуге жарайтын жылтырақты жалатпақ болады. Алайда, ол тым қымбатқа түсетіндіктен әрі көп уақытты алатындықтан бұл ойдан бас тартады. Яғни, жаппай шығару үшін шығынды көп қажет етеді. Ғалымдар ары ойлап, бері ойлап, ақырында шоколадтың беткі қабатымен аралас, сәуле шашырататын қаппен аптайды. Алғашында болар-болмас жылтырайтын шоколадтың беті жағы соңында сәуле шашырататын өзгешелікке ие болады.

0 пікір
Мұрағат