Енді ВКонтакте мен Одноклассники желілері арқылы ақша аударуға болады
|
Қазақстандық ВКонтакте және Одноклассники әлеуметтік желілерінің қолданушылары жеке хабарлама арқылы ақша аудара алады, деп хабарлайды ForteBank.
Аталған екі желілерінің қазақстандық қолданушылары арасында ақша аударымы сервисі 22 маусым күні іске қосылды.
Ақша аудару қазақстандық банктердің Mastercard, Maestro және Visa карталары арқылы жүзеге асырылады. Ақшаны қабылдау үшін Қазақстанда шығарылған Mastercard, Maestro, Visa карталары, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдавия, Ресей, Румыния, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия мен Эстонияда жасалған Mastercard және Maestro карталары жарамды.
Аталған сервис сонымен қатар толық және мобильді сайттарда, Android и iOS операциялық жүйелерінде қолжетімді.
Ерекшелігі сонда, Одноклассники қолданушылары өз аккаунттарына карталарының мәліметтерін енгізіп қойып, біріне бірі ақша жөнелте береді.
Аударым тек теңгемен жүзеге асырылады. Ал өзге валютамен жасағанда Ұлттық банктің бекіткен валюта бағамы бойынша есептеледі.
Аударымның минималды көлемі 500 теңге, максимум 50 000 теңге. Сервистің ашылған уақытынан үш ай ішінде аударым үшін Mastercard пен Maestro карталарына комиссия алынбайды. Ал Visa картасы үшін комиссия құны 1%+200 теңге, минимум 600 теңге.