Ең улы зат белгілі болды: екі келісі бүкіл адамзатты жойып жібере алады
Ең улы зат белгілі болды: екі келісі бүкіл адамзатты жойып жібере алады
3 ай бұрын 1111 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өлімге әкелетін улар туралы сөз болғанда, адамдардың  ойына алдымен көпке белгілі мышьяк, цианид және стрихнин келеді. Десе де олардан 100 есе қауіпті улар бар. Олардың ең қауіптісі – ботулиндік токсин, оны жыл сайын 3 миллионға жуық адам пайдаланады екен. Бұл жайында islam.kz порталы iflscience.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл аталған заттардың улылығы немесе уыттылығы LD50 көмегімен өлшенеді. Өлшем өз негізінде сынақ тобының жартысында өлімге әкелетін орташа дозаға негізделген. Дене салмағының бір келісіне шаққанда натрий хлоридінің (ас тұзы)  3000 миллиграмм LD50 жеткілікті. Тиісті нәтижеге қол жеьткізу үшін. Бұл шама салмағы 70 келі тартатын адамға өлімге әкелетін доза үшін шамамен 210 000 мг тұз қажет дегенді білдіреді. Кофеиннің LD50-сі келісіне шаққанда 192 миллиграмды, ал натрий цианидінің LD50-сі келісіне шаққанда 6,4 миллиграмды құрайды. Дегенмен, ботулиндік уының LD50-і бар болғаны келісіне шаққанда 1 нанограмды құрайды. Бұл салмағы 70 келі тартатын адамды өлтіру үшін небәрі 0,00007 мг ботулиндік у қажет дегенді білдіреді. Осындай ботулинум уының небәрі 2 келісі жер бетіндегі барлық адамды улап өлтіруге жетеді. Заттардың уыттылығы олардың органзимге түсу әдісіне байланысты. Мысалы, 1 грамм ботулинум уы ішке қабылдағанда 14 мың адамды өлтіруі мүмкін, ал дәл сол дозаны инемен (иньекция) енгізгенде өлім саны 8,3 миллион адамға дейін артады. Ботулиндік удың бір молекуласының өзі адам организіміндегі бір нейронды сал ету немесе жансыздандыру үшін жеткілікті, өйткені, ол ең күшті нейротоксин. Ботулинум уы көбінесе мерзімі өткен немесе нашар сақталған тағамдарда, жұқтырған жараларда және косметикалық инъекцияларда кездеседі. Ботулинум уын Clostridium botulinum бактериясы істеп шығарады, ол оттегі деңгейі өте төмен ортада жүйке жүйесіне әсер ететін қауіпті токсиндерді шығарады. C. botulinum споралары әдетте топырақта және теңіз немесе өзен суларында кездеседі, дәлірегі, тек оттегі аз ортада, көбінесе консервіленген немесе дұрыс сақталмаған азық-түліктерде қауіпті болады. Жоғары температурада суды қайнату арқылы бұл токсиндерді жоюға болады. Ботулиндік у сал етіп тастайтын қасиетіне байланысты косметологияда ботокс (Botox) деген атпен кеңінен қолданылады. Косметикалық процедуралар А типті жоғары сұйылтылған ботулинум нейротоксинін (онаботулинумтоксин А) пайдаланады. Ол алғаш рет 1981 жылы қылилықты емдеу үшін қолданылған. Кейінірек нейротоксин әжімдердің алдын алу және қартаюға қарсы танымал құрал болды.

0 пікір
Мұрағат