Ең қауіпті биологиялық қару аталды
|
Генді редакциялау (өңдеу) технологиясы немесе гендік терапия ең қауіпті биологиялық қару ретінде аталды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Елена Кириченко есімді ресейлік генетик ғалым әрі химикке жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, бұл технология тура мағынасында биологиялық қаруды тірі организмге тікелей енгізеді. Осылай деген сарапшы мұндай тәсіл геномның тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін, дәлірегі, биохакингтің салдары қандай болатыны белгісіз. Сондай-ақ, ол туабітті кеселі бар немесе тұқым қуалайтын аурудан зардап шегетін науқастарға бұл технология көмектесуі мүмкін екенін алға тарта отырып, аталмыш технологияны жаппай қолданудың арты неге апарып соқтыратынын болжау мүмкін емесін ескертті.