Ең пайдалы жемістердің біріне жойылу қаупі төніп тұр
|
Авокадо жаһандық жылынудың салдарынан жойылу алдында тұр. Климат дағдарысының танымал жемістің өндірісіне кері әсері жөнінде Christian Aid қайырымдылық ұйымының баяндамасында атап өтілген. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың пікірінше, ғасырдың ортасына қарай егістік көлемі кемінде 14 пайызға, ең көбі 41 пайызға қысқарады. Мұның өзі болашақта атмосфераға қаншалықты зиянды заттардың бөлінетіндігіне байланысты. Әлемдегі ең ірі авокадо өндірушісі Мексикада жаһандық орташа температура екі градусқа көтерілмеген күннің өзінде егістік алқабы 31 пайызға қысқаруы мүмкін. Егер ауа температурасы бес градусқа жылынса, егіс алқабы 43 пайызға қысқарады. Авокадо өсіру үшін мол су қажет: бір авокадоға орта есеппен 320 литр су кеттеді. Бұл сала ыстық аймақтарда – Бурунди, Чили, Перу, Испания, Оңтүстік Африка және Мексикада дамығанын ескерсек, плантациялар ауа райы апаттарының алдында осалдық танытады. Аталған аймақ, әсіресе, топырақ эрозиясына, ұзақ құрғақшылыққа және ұзақ жауын-шашынға бейім. Табиғи апаттар мен су тапшылығы жағдайында өндіріс процесі айтарлықтай қымбаттайды.